Ұлттың денсаулығы

Ақмолалық балалар ауруханасының жөндеу жұмыстарына 443 млн теңге бағытталды

Алғаш рет 30 жылда Ақмола облыстық балалар ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады аймақтық коммуникация қызметі.
Ақмола27 Шілде , 09:12

Емдеу мекемесінің екі кешеніндегі жөндеу жұмыстары 2017 жылдың сәуір айында басталды. Бұған дейін бөлімшелерде ішінара жүргізіліген жөндеу жұмыстарын есепке алмағанда мұндай ауқымды күрделі жөндеу жұмысы аурухана ашылған  30 жылда алғаш рет жүргізілмекші.

Бүгінде, коммуникация қызметінің ақпараты бойныша емхананың үшінші қабаты жөндеуден өтті. Екінші қабатта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда алдағы уақытта барлық тар көлемді мамандар қабылдаулар жүргізеді. Алты қабатты кешеннің бірінші қабатында жөндеу жұмыстарынан кейін зертхана, аураханананың жеке дәріханасы орналасады. Ал, төртінші қабатта жарақат бөлімі қайта жандандырылады. Сонымен қатар, текпешектер толығымен қайта жөндеуден өтеді.

Бұдан басқа, жылу беру жүйесі, су құбыры толығымен алмастырылып, күрделі жөндеуден өткізілді. Жобаны өткізу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айының екінші жартысына белгіленген.

Облыстық балалар ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 443,847 миллион теңге бөлінді.




Яндекс.Метрика