Адами капитал

Астанада жыл басынан бері 112 пультіне 331 мыңнан астам қоңырау келіп түсті

Жарты жыл ішінде елорда аумағында 38 төтенше жағдай тіркелді.Бұл туралы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Барат Тұзақбаев хабарлады.
Астана қаласы27 Шілде , 08:47

«Тіркелген 38 жағдайдың 4-еуі табиғи, қалғандары – техногенді. «112» телефонына жедел көмек көрсету туралы 331-ден астам қоңырау келіп түсті. Әр хабарлама бойынша шаралар қолданды», - деді Барат Тұзақбаев.

Осы уақыт аралығында өрт қызметі апатты-құтқару жұмыстарына 2 757 рет шыққан. 235 адам құтқарылып, 864 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Дәрігерге дейінгі көмек 73 зардап шегушіге көрсетілген.

«Қыс қытымыр болса, ал жаз өте ыстық. Астана аумағында 387 өрт орын алды. 1 адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 89%-ға төмен. Біздің қазіргі негізгі міндетіміз – шомылу маусымы. Қазір аномальді ыстық тұр. Біз адамдар шомылғысы келетінін түсінеміз. Қала төңірегінде шомылуға жабдықталған 4 орын бар: Орталық жағажай, «Үш шабақ», «Астаналық аула» және Қоянды көлі. Ол жерлерде судан құтқару қызметі тәулік бойы кезекшілік етеді. Осыған қарамастан адамдар рұқсат етілмеген жерлерде шомылуды жалғастыруда. 12 адам батып кетті. Алдын ала жағажайлар дайындалып, тексеріс жүргізілетінін түсіну керек. Адамдар шомылуға дайындалмаған орындарда суға кетіп жатады. Үш адам су түбіндегі ағашқа ілініп қалып, қайтып жүзіп шыға алмай қалған», - дейді Барат Тұзақбаев7

Батып кеткен 11 адам мас күйінде болған. Ал суға кеткен бала ата-ананың бақылауынсыз қалған.

«Біз адамдарға қауіпсіздік талаптарын жеткізуге тырысамыз. Бұл ережелерді барлығы сақтауы керек», - деп атап өтті Барат Тұзақбаев.

 




Яндекс.Метрика