Халықаралық интеграция

Иу құрлық порты ҚР мен ҚХР экономикаларының дамуының басты сауда хабына айналуы мүмкін (ФОТО)

Қытайдың Иу құрлық порты екі кезеңмен салынған, біріншісі салынып болса, екінші кезең 2017 жылдың соңында басталады, бұл Иу қаласы мен Қазақстан арасындағы сауданы кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы "Тем Нон" компаниясы директорының орынбасары - құрлық портының операторы Фан Шу Дон Иу қаласында (Қытай) қазақстандық журналистермен кездесу барысында хабарлады.
Астана қаласы26 Шілде , 18:17

«Иу-Сянцзян-Еуропа бағытындағы алғашқы пойызы 2014 жылы іске қосылған. Қазір Иу қаласынан Орталық Азия, Иран, Ауғанстан, Латвия, Ресей, Беларусь және Лондонға дейін 8 магистраль бар. Біздің теміржол магистраліміз Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Франция және Испания аумағы арқылы өтеді. Барлығы 7 ел.  Қытайдың Қазақстанмен шекара маңы аудандарында, сондай-ақ Беларусь пен Испания шекарасында рельстерді үш рет ауыстыру керек. Магистральдің ұзындығы 13 мың км. Барлық магистральдан өту үшін 17-18 күн қажет. Тағы мультимодальдық тасымалдау да бар - пойыз және теңіз жолы. Біздің контейнерлеріміз Иу қаласында кедендік рәсімдерден өтіп, кейін Нинбо портына дейін тасымалданады да, теңіз жолымен жіберіледі. Бұл терминал жыл сайын 400 мың контейнер тасымалдауға арналған», - деді Фан Шу Дон.

Сондай-ақ ол порт екі кезеңмен салынғанын да айтып өтті, біріншісі салынып болса, екінші кезең 2017 жылдың соңында басталмақ.

«Біз ауданымызды бір орталық және төрт аудан ретінде саламыз, осылайша өзіміздің сауда деңгейімізді жақсартып, экономиканы дамытуға ықпал етуге болады. Бірінші кезеңге 150 млн доллар жұмсалған. Негізінен Қазақстанға көпшілік пайдаланатын тауарлар жүгі жіберіледі. Апта сайын Иу қаласынан Орталық Азияға екі пойыз шығады және біреуі кері қайтады. Сондай-ақ машина жасауға арналған бөлшектер де бар», - деп қосты компания басшысы.

Ол Иу порты күн сайын өсіп келетінін және Қазақстан осы процесте басым рөл атқаратынын атап өтті.

«Біздің төрағамыз Си Цзиньпин «Бір белдеу – бір жол» теориясын шығарғанға дейін, біз Иу қаласынан Орталық Азия мен Беларуське дейін теміржол магистральдары бойынша тасымалдаумен айналысқан едік - бұл біздің дәстүрлі бизнесіміз. Төраға БББЖ бастамасын жасағаннан кейін біз Иу қаласынан Еуропаға және әлемнің басқа да қалаларына тасымалдауды дамытуға кірістік. Осы теміржол магистралі жыл сайын танылып келеді. Қазақстан, біріншіден, Кеден одағы мүшелерінің бірі болып табылады. Сіздің еліңіз де басымдыққа ие. Себебі бұрын біз саудамен және Қытайдан Қазақстанға тасымалдаумен айналысқан едік. Өз жүгімізді қай жерге тасымалдасақ та, ол Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Сондықтан бұл елдің стратегиялық мәртебесі. Екіншіден, бұл біз үшін үлкен нарық», - деді Фан Шу Дон.

Сондай-ақ ол Иу қаласы мен Қазақстан экономикаларының байланысын да атап өтті. 

«Шын мәнінде, бізде көпшілік тұтынатын тауарлар нарығы әлем бойынша ең үлкен. Сол себепті Иу қаласынан Қазақстанға көпшілік тұтынатын тауарлардың ауқымды көлемін жіберіп отырамыз. Біздің порталымыздың екінші кезеңінен кейін Иу қаласы мен Қазақстан арасындағы сауда одан әрі кеңейе түсетініне сенімдімін», - деп қосты Фан Шу Дон.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика