100 жаңа есім

Ұстаздық еңбек: Жүзден жүйрік

Аубакова Алмагул Жоғарғы санатты мұғалім. Махамбет Өтемісұлы атындағы университетінің түлегі.
Қарағанды26 Шілде , 18:21

Еl.kz  хабарлағандай,   Аубакова Алмагул   Орынтайқызы  1972 жылдың 25 тамызында  Батыс Қазақстан Тасқала ауданы Оян ауылында дүниеге келген. Жоғарғы санатты мұғалім. Махамбет Өтемісұлы атындағы университетінің түлегі. Еңбек жолын Тасқала ауданы Оян ауылының бөлімшесіндегі  "Жаңа жол" бастауыш және бала бақшасында бастауыш пәнінің мұғалімі кейін осы мектептің  директоры қызметін атқарды.

Отбасының жағдайына байланысты Достық ауылына  1995   жылы көшіп келіп осы мектепте жұмыс істеуде. Ұстаздың оқушысы Гильман Нарынбек Орал өңіріндегі балалар туризмінің 50 жылдығына арналған "Туған жер  Алтын бесік"   облыстық ғылыми жобасының жеңімпазы.

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының "Құрмет грамотасымен"  марапатталды. Сонымен қатар Алмагуль Орынтаевна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Дарын"  Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатына ие болды.

Халықаралық сайыстарда өз оқушыларын дүние жүзі және қоғамтану пәндерінен қатыстырып алғыс  хаттар  мен куәліктерге ие болды. Сонымен қатар оқушылары аудан және облыс тық ғылыми жоба  сайыстары мен олимпиадаға қатысушылар.

ҰБТ-дан оқушылары Қазақстан тарихын  әрдайым "4" пен "5"-ке тапсырады. Ауыл және ауданның қоғамдық өміріне  белсене араласқаны үшін ел президентінің  Н.Назарбаевтан   "Алғыс хат" .  "Ақ бидай" облыстық  ауыл спорты ойындарында  шахматтан әйелдер арасында  жүлдегер.   

2008 жылы аудандық "Туған жер  Алтын бесік"  бағыты "Менің шежірем" ғылыми жобадан мақтау грамотасы оқушысы Гильман Нарынбек. 2009 жылы аудандық "Туған жер  Алтын бесік"  ғылыми жобадан мақтау грамотасы оқушысы Гильман Нарынбек. 2010 жылы аудандық "Туған жер  Алтын бесік"  "Ауыл шежіресі "ғылыми жобадан мақтау грамотасы оқушысы Гильман Нарынбек .

2010 жылы аудандық "Туған жер  Алтын бесік"  ғылыми жобадан бағыты "Жанұя шежіресі" мақтау грамотасы оқушысы Тимур Ахметов.

2010 жылы  Орал өңіріндегі балалар туризмінің 50 жылдығына арналған "Туған жер  Алтын бесік"   облыстық ғылыми жобадан мақтау грамотасы оқушысы Гильман Нарынбек.  2010 жылы қоғамдық қызметтерге жақсы қатысқаны үшін "Алғыс хат" Елбасынан, 2011 жылы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

2011 жылы "Ақпараттық коммуникативтік технологияны  шебер қолданғаны үшін" аудандық мақтау граматасымен марапатталды.

Басылымдар: Облыстық "Орал өңірі " газетінде "Қазақстанның жеті кереметі" атты мақаласы.Инфоурок сайтында "Желтоқсан оқиғасы", "Шаруалар көтерілісі", "Алаш қозғалысы" жарияланды. Республикалық  ұстаздар порталына "Ислам,ғылым және мәдениет", "Қазақ хандығы", "Кенесары хан  бастаған  ұлт -азаттық  көтерілісі",  "Қазақ ұлттық мемлекетінің алғы шарттары",  "ҰБТ-ға дайындық". Мультиурок сайтында "Ауыл тарихы",  Учительский сайтта "Мектеп тарихы" , "Атайдың өмірі" жарияланды.

 




Яндекс.Метрика