АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Батыс Қазақстан облысында ет өндірісі артты

БҚО бойынша ет өндіру 3,1 %-ға артты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың жұмыс сапарымен Батыс-Қазақстан облысына барған сапарында мәлім болды.
Батыс Қазақстан26 Шілде , 17:54

Батыс-Қазақстан облысының әкімшілігінде АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ондағы міндеттемелерді орындау бойынша бекітілген индикаторлары мен шаралар жетістігі туралы жиналыс өткізілді. Мал шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және мал дәрігерлік қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді. Жиналысқа Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімшіліктерінің, агробизнестің, салалық одақтардың және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Мемлекеттің бағдарлама аясында биылғы жылы субсидияның 65 түрі қарастырылып, нәтижесінде 11 тиімсіз субсидияны алып тастап, 40 субсидияның өлшемдері өзгертілді. Ал 14-і еш өзгеріссіз қалды.

Мал шаруашылығында өлшемдерді өзгерту дәл сол қаржы шеңберінде субсидия алушылардың санын бір есеге арттырды. Егер бұрын сиыр малы бойынша субсидияны 175 шаруашылық алса, қазір ол 522-ге немесе 100%-ға артты; сүт бойынша 2 есе; қой малы бойынша 1,3 есе, тері бойынша 3,6 есе артты.

Сондай-ақ қойды субсидиялау одан гөрі тиімдірек қозымен алмастырылды.

«Тері өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемені орындай алмауына байланысты тек жіңішке ғана емес, жартылай жіңішке жүн түрлерін субсидиялау қарастырылды.

Биылғы жылдың 1-шілдедегі жағдайы бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында ірі қара малдың, ұсақ қара малдың, жылқылардың, құстардың санының көбею үрдісі байқалды.

БҚО бойынша ет өндіру 3,1 %-ға артып, 19,9 мың тонна болды, сиыр сүті 0,5 %-ға дейін артып, 117,2 мың тонна, тауық жұмыртқасы – 5,5 %-ға дейін артып, 80,6 млн дана болды», - делінген  хабарламада.

Ақтөбе облысы бойынша да ет өндірісі 5,7 %-ға артып, 32,9 мың тонна, сиыр сүті 2,7 %-ға артып, 154,2 мың тонна, тауық жұмыртқасы – 6,0 %-ға артып, 87,1 млн. дана болды.




Яндекс.Метрика