Мәдениетті жаңғырту

Жамбылдықтар Астанаға сақ жауынгерлерінің дулығасын әкеледі

Елордалықтарға Жамбыл облысының күндері аясында мұражайларда өте сирек кездесетін экспонаттың бірі – сақ жауынгерлерінің дулығасының инсталяциясы таныстырылды.
Астана қаласы26 Шілде , 20:43

Қоладан жасалынған алып дулыға біздің заманымыздан бұрынғы 6-5 ғасырларға жатады.

Сақтардан келешек ұрпаққа аманат еткен, сол дәуірде аңшылық пен соғысқа қолданған екі дөңгелекті арба да елордалықтарға паш етілді. Осындай арбалармен олар Ежелгі Грецияда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

«Астанаға жамбылдықтар Сарысу ауданында табылған Ынталы үңгірінің көшірмесін де әкелді. Көрмеге келушілер үңгірдің ішіне кіріп, неолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігінен харбардар бола алады», - деп хабарлады әкімдік.

Жалпы Жамбыл өңірінің тарихынан сыр шертетін кешенді көрмеге Әулие ата өңірінен 400 жуық үлкенді-кішілі археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық және басқа да құнды жәдігерлер әкелінді.




Яндекс.Метрика