Ұлт жоспары 100 нақты қадам

1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептердің 500-ден астам сыныбы ағылшын тілінде білім алады

1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептердің 500-ден астам сыныбы ағылшын тілінде білім алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтты.
Нұр-Сұлтан 26 Шілде, 14:09

«1 қыркүйектен бастап  қазақстандық мектептердің  500-ден астам сыныбы ағылшын тілінде білім алады. Біз үшін бұл эксперимент өте маңызды. Бір жыл бойы біз   оқушылар мен мектеп ұстаздарын  бақылайтын боламыз, оның қорытындысы бойынша келер жылы  ұстаздар мен ата-аналар қоғамдастығымен талқылау жүргіземіз. Біз үштілді білім беруге кезеңдік түрде көшу кестесін әзірлейміз. Бүгінгі таңда қорытындылар оңтайлы. Балалар қорықпайды, ата-аналар қолдап отыр. Ұстаздар да жақсы көрсеткіштерге ие», - деді Е.Сағадиев.

Айта кетейік, Ұлт жоспары аясында ағылшын тіліне кезеңдік өту жоғарғы сыныптар мен ЖОО-ларда  жүзеге асырылады.

Басты мақсат – шығарылып жатқан кадрлардың біліктілігін арттыру мен жалпы білім беру секторында экспорттық әлеуеттің артуы. Осы орайда БҒМ орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету туралы жаңа әдісті әзірлеп жатыр.

«Мәселе үш тілде білім беру болып отыр. Біріншіден, ол қазақ тіліне байланысты. Бұл аз талқыланбады. Жағдай жаман емес, себебі  қазақ балаларының 90 пайызы қазақша білім алады. Биыл абитуриенттердің  76 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды.  Басты мәселе орыс тілінде оқитын  500 мың оқушы  қазақша сөйлемейді.  Сондықтан да  биыл  1000 мектепте эксперимент ретінде жаңа әдіс енгізіледі», - деді министр.

Сондай-ақ, биыл  12 мың қазақстандық ұстаз ағылшын тіліне жазылды.

«Олардың  4 мыңы білім алуға кірісті, қалған  8 мыңы  оқуға қыркүйекте кіріседі. Курстар үштен  тоғыз айға дейін созылады. Ең маңыздысы – қалаға келіп  9 ай оқу, онда жұмыс орны, жалақы сақталып, шәкіртақы, іссапар ақысы мен өзге шығындар төленеді.  Егер ұстаз оралған соң ағылшын тілінде білім беруге көшсе, жалақы өседі», - деді Ерлан Сағадиев.

Министр Ұлт жоспары аясында  12 жылдық білім беруге көшу туралы айтып өтті.

Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика