Ұлт жоспары 100 нақты қадам

12 жылдық білім беруге көшу үрдісі қалай жүріп жатыр

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп алды сыныбына арналған бірыңғай типтік білім беру бағдарламасына енетін 12 жылдық білім беру туралы Үкіметтегі баспасөз конференциясында айтты.
Нұр-Сұлтан26 Шілде , 12:37

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының  97 қадамы  аясында  ЭЫДҰ елдері стандарты бойынша адами капитал сапасының артуын анықтайды. Сондықтан да, мемлекет қызметтік сауаттылықты арттыру үшін  12 жылдық білім беруді кезеңдеп енгізуді қарастырып отыр.

«12 жылдық білім беру  2020 жылға дейін 0+11 сыныпқа дейін енгізіледі.  Бізге нөлінші сынып не үшін қажет? Мектепке баратын балалардың  85 пайызы әліпбиді біледі. Ал 15 пайызы таныс емес. Бұл аз үлес болса да, олармен жұмыс істеу қиын. Сондықтан да біз аталмыш бағдарламаны енгізіп отырмыз. Бағдарламаны толық орындау  2019 жылға белгіленіп отыр. 2019 жылы бірінші сыныптың барлық оқулықтары  екі бағыттан тұрады: нөлінші сыныпқа арналған Әліппе, және  1-сыныпқа арналған Ана тілі. Қазір барлық оқулықтар дайын. Эксперимент ретінде оқу жылының басынан бастап 100-150 мектеп  іске қосылады», - деді Е.Сағадиев.

Министр айтып өткендей, барлық мектептерде жаңартылған мазмұн енгізіледі.

«Жаңартылған мазмұн деген не? Бала біліп қана қоймай, жасай алуы да керек. ЭЫДҰ барлық елдері  20-25 жыл бұрын  бұл көшуді жүзеге асырды.  ЭЫДҰ елдері балалардың қызметтік сауаттылығын өлшеу туралы келісіп алды.  Біздің нәтиже жаман емес, біз кешігумен бастап жатырмыз. Қалған үш жылда бұл үрдісті жүзеге асырмақпыз», - деді ол.

Е.Сағадиев айтып өткендей, бескүндік аптаға көшу жүзеге асырылып жатыр. Бастауыш сыныптарға арналған бірыңғай базалық  оқулықтар әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ, Ерлан Сағадиевтің айтуынша,  жылына  70 мың ұстаз қайта дайындау курсынан өтеді.

«Қабылдау коэффиценті өте жоғары. Өткен жылы қайта дайындаудан өткен   74 мың ұстаздың ішінен 2,5 пайызы ғана өте алмай, екінші рет  тапсырды. Біз үшін бұл жоғары көрсеткіш», - деді министр.

Министр айтып  өткендей, бүгінгі таңда министрлік бірыңғай қазақ  тілінің латын әліпбиін дайындап жатыр.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика