Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Е.Сағадиев латын әліпбиіне көшу туралы: баршаға тиімді әліпбиді қабылдау қажет

Биыл баршаға тиімді әліпбиді қабылдау керек, деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыруға арналған баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде.
Нұр-Сұлтан 26 Шілде, 11:49

«Латын әліпбиіне көшу мәселесіне келетін болсақ, бұл маңызды жоба. Мұнда қателеспей, барынша мұқият болған жөн. Биыл баршамызға тиімді әліпбиді қабылдау керек. Бірнеше нұсқасын дайындау, оларды талқылап, тиімдісін қабылдау және одан әрі латын әліпбиіне көшу бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу қажет», - деді ол.

Министрдің айтуынша, қазір арнайы комиссия құрылып, осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында 2017 жылдың соңына дейін латын әліпбиінің жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. 

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика