Өңірлер

Шығыс Қазақстанда көлік жолдарын жөндеу сапасына мониторинг жүргізілуде

Шығыс Қазақстандағы елді мекендерде көлік жолдарын жөндеу мен қайта жаңартуды қоғамдық және мамандандырылған ұйымдардың өкілдері бақылауға алды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Шығыс Қазақстан26 Шілде , 16:57

Өскеменде қайта жаңартылатын объектілердің қатарына Сәтпаев даңғылы, Протозанов көшесі және басқалары енді. Қаланың 18 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары көзделген.  

Өңір басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасын орындау барысында облыстық орталықта жүргізілетін жұмыстардың сапасын мониторингілеу үшін "Шығысжолзертхана" РММ тәуелсіз зертханасының мамандары тартылуда. 

Семейде жол-жөндеу жұмыстарының барысын қоғам өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары бақылауға алған. 




Яндекс.Метрика