Евразиялық одақ

Ақтөбе облысының ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 480 млн долларды құрады

2017 жылғы қаңтар-мамырда Ақтөбе облысы бойынша өзара сауда ЕАЭО елдерімен 480700,7 мың АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 225013,1 мың АҚШ долларын, импорт – 255687,6 мың АҚШ долларын құрады.
Ақтөбе26 Шілде , 14:56

Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 81% құраса, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 2% құрады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 16% құрайды.

Ал, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 16%, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 23% әкелінеді.

 




Яндекс.Метрика