Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

БҚО-да жолдарды қамтамасыз етуге 6,6 млрд теңге бөлінді

Батыс Қазақстандағы жолдардың жалпы ұзындығы 6 530 шақырым, соның 1 392 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар санатына жатады.
Батыс Қазақстан26 Шілде , 13:34

Облыс  орталығы хабарлағандай,  2014 жылы 62 шақырым жолды жөндеуге 6 млрд. 144 млн. теңге қаржы бөлінсе, 2015 жылы 117 шақырымды жөндеуге 5 млрд. 079 млн. теңге жұмсалған. 2016 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды күтіп, ұстауға 5 млрд. 978 млн. теңге қаралды. Осы қаржыға «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» жолының 30 шақырымы, «Ақсай-Шыңғырлау» жолының 51 шақырымы, «Аңқаты-Сарыөмір» жолының 23 шақырымы, «Жымпиты-Қаратөбе» жолының 55 шақырымы, «Орал-Кирсанов» жолының 48 шақырымы жөнделді. 

Жалпы  өткен жылдың қорытындысында облыста 145,5 шақырым жол қалпына келтірілген. 
2017 жылы «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» жолының 30 шақырымын қайта қалпына келтіру, «Орал-Кирсанов» жолының 48 шақырымына, «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» 76 шақырымына, «Барбастау-Ақжайық-Индер» жолының 43 шақырымына орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. 

Ағымдағы жылда облыстың 90,3 шақырымды құрайтын  аудандық автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстарына 6,6  млрд. теңге бөлінді.Сондай-ақ, жол құрылысында жаңа технология – салқын ресайклинг тәсілі кеңінен қолданылуда. Бұл әдісті қолданған кезде жолдың сапасы жақсарып, өзіндік құны едәуір арзандайды. Мысалы жолдың бір шақырымын салуға 120 млн. теңгеге жуық шығын шығатын болса, салқын ресайклинг тәсілінің арқасында оның құны 35-40 млн. теңгеге дейін кемиді.

Шараға қатысқан «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Ерлан Қажимовберген мәліметі бойынша, ағымдағы жылға республикалық маңызы бар жолдарды қайта қалпына келтіруге, күрделі жөндеуге 15 млрд. 126 млн. теңге қаржы бөлінді. 2017 жылы «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының Тасқала ауылына дейінгі бөлігі (9,201 млн. теңге) толық бітіп, алдағы жылы қалған 18 шақырымы салынатын болады.  

Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев осы жылы қаланың 80 көшесінің жолдарын ағымдағы жөндеуге 400 млн. теңге бөлінгенін және  5,7 шақырымға тротуар төселетінін жеткізді.  

 




Яндекс.Метрика