Адами капитал

1414 нөміріне түскен қоңыраулар саны 2 млн-нан асты

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 1414 нөміріне түскен қоңыраулар саны 2 млн-нан асты.
Казахстан26 Шілде , 10:48

« Былтырғы жыл бойынша байланыс орталығына түскен қоңыраулар 3,5 млн.-ды құраған болатын. Ал тұтынушылардың қанағаттандыру деңгейі 4,72 деген қанағаттанарлық көрсеткішіне  жеткен», - делінген  хабарламада.

1414 Бірыңғай байланыс орталығы 680 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша анықтамалық қызмет жасайды. Сонымен қатар, операторлар міндетті медициналық сақтандыру бойынша ақпарат бере алады. Бүгінгі күнде орталықта 127 оператор қызмет жасайды.

Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Жұмыс күндері байланыс орталығының операторы 15 мың қоңырау қабылдайды.

«Бірыңғай байланыс орталығы  бастапқыда қарапайым байланыс орталығы болған. Ал қазіргі уақытта азаматтармен қарым-қатынас орнатудың қосымша арналары бар. Енді мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша азаматтар 1414.kz сайты, электрондық пошта және виртуалды онлайн-көмекшілер арқылы хабарласа алады», - деп хабарлады Бірыңғай байланыс орталығы.




Яндекс.Метрика