Өңірлер

ШҚО-да салынып жатқан автозауыт республиканың ЖІӨ-сін ұлғайтады

Өскеменде жылына 120 мың машина шығаратын автомобиль зауыты салынуда, бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында белгілі болды.
Нұр-Сұлтан26 Шілде , 09:36

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов атап өткендей, бұл еліміздің машина жасау саласының ең ірі жобасы. 

Зауыт құрылысын ШҚО әкімдігінің қолдауымен "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі жүргізуде. Сол алаңда компоненттер өндіру технопаркі құрылуда. Жоба толық қуаттылығына шыққаннан кейін  12 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

«Инфрақұрылым, ең алдымен, электрмен жабдықтау қуаттылықтары, жолдар, сумен жабдықтау объектілері мен теміржол тармағының құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы кезеңде жобаға жоба инвесторының 60 млн доллардан астам өз қаражаты салынды. Өткізу және қызмет көрсету инфрақұрылымы күшейтілді. Экономикалық салым жағынан болашақ өндіріс республиканың ЖІӨ-сін 1 млрд долларға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл тарихымыздағы машина жасау саласының ең ірі жобасына айналады», - деп атап өтті Олег Алферов.

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі  80 млрд теңгеге жуық. Автомобильдер шығарылымы екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 60 мың бірлік шығарылса, екінші кезеңде зауыт қуаттылығы 120 мың бірлікке дейін жеткізіледі. Шығарылатын машиналардың көп бөлігі ең алдымен Ресей нарықтарына экспортталады. 




Яндекс.Метрика