АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығының өнімі 16,7 пайызға артты

Осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы статистикалық деректер бойынша облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 11,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,7%-ға артып отыр. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады.
Қызылорда25 Шілде , 19:57

Аймақта тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш. Осы жылдың мамыр айында 71439 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121%-ға артыпты.

Мәліметтер бойынша 2017 жылдың мамыр айында жас немесе тоңазытылған ет 0,5%, шұжық 9,1%, ірімшік және сүзбе 14,3%, өңделген сұйық сүт 25,7%, өзге де сүт өнімдері 25,7%, көкөністен жасалған консервілер, жеміс және көкөніс шырындары 50%-ға кеміген.

 




Яндекс.Метрика