ҚР Президентінің Жолдауы

«Нұрлы жол»: Биыл Петропавлда 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Петропавлда партиялықтар «Нұрлы жер» нысандарын қатаң бақылауда ұстауда.
Солтүстік Қазақстан25 Шілде , 18:21

«Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жанынан құрылған арнайы комиссия Петропавл қаласының «Береке» шағын ауданындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан 3 үйдің құрылыс барысын тексерді.

«Нұр Отан» партиясы  хабарлағандай,  арнайы рейд барысында комиссия мүшелері үйлерге кіретін жолдарды, жылу батареяларын, құбырларды, терезелер мен есіктердің орналасуымен танысты.

Сондай-ақ, жаңа үйлердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қаншалықты қолжетімділігін тексерді. «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұловтың айтуынша, рейді барысында пандустар және көптеген кіреберістер талаптарға сәйкес келмейді. Бұл кемшіліктерді құрылысшылар жоюға уәде берді.

Айта кетсек, облыстық партия филиалы жанынан құрылған арнайы комиссия «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан үйлердің сапасын бағалайды. Оның құрамында партия белсенділері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері және құрылысшылар енген.

 




Яндекс.Метрика