Адами капитал

Жезқазғанда дарынды балаларға арналған мектеп ашылады

Жезқазған қаласында жаңа мектеп және балаларға арналған нейро оңалту орталығы ашылады. Ол жайлы Жезқазған қаласы активінің отырысында мәлімделді. Жиналыс барысында шаһардың 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспары ұсынылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды25 Шілде , 17:56

Жезқазғанның үш жылдық даму жоспары аймақ басшысының тапсырмасы бойынша қала әкімдігімен және облыс басқармаларымен бірігіп құрылған болатын. 

Аталмыш құжат жалпы сомасы 75,7 млрд теңгені құрайтын 453 шараны қарастырады. Қаржыландыру республикалық және облыстық бюджеттерден, қала қазынасынан, сондай-ақ бюджеттен тыс жұмылдырылады. 

Жоспарға сай 2017-ші жылы 11,6 млрд теңге, 2018 және 2019 жылдары 25,7 және 38,4 млрд теңгеден сәйкесінше жұмсалады. 

Жоспарды жүзеге асыру облыс экономикасының да өсуіне септігін тигізеді деп күтілуде. 

3 жыл аралығында өнеркәсіп өндірісі 13,2%-ға ұлғаюы тиіс. Экономикалық өсім жалпы инвестиция көлемі 21 млрд теңгені құрайтын «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС өндірісін жаңғырту және қайта қалыпқа келтіру есебінен өседі деп күтілуде. Сондай-ақ экономиканың көтерілуіне 2,5 млрд теңгеге жүзеге асырылатын алты жоба да септігін тигізеді. 

Тұрғын үйлерге қосылатын 36,4 шақырым коммуникациялар салынып, 44,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Оның 6,4 мың шаршы метрі – коммерциялық баспана, ол кезекте тұрғындардың санын 13%-ға қысқартады. 267 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 

Сауда, қызмет көрсету, туризм салалары бойынша 3 млрд теңгеден астам инвестициялық қаражатқа 28 жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Соның арқасында 219 жаңа жұмыс орындары пайда болады. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына келер болсақ, Жезқазған ЖЭО жаңа турбоагрегатын іске қосу, жылу жүйелерін жаңғырту және қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар электр энергиясын өндіруді ұлғайтып, жылыту жүйелеріндегі жылуды жоғалту көрсеткіштерін 11%-дан 17,3%-ға дейін төмендетеді.

Әлеуметтік саланы дамытуға да баса назар аударылуда. Жоспар бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қарастырылған. Жаңа білім беру мекемелері пайда болады. Ол қосымша 1455 орын. 

Биылғы жылдың өзінде Жезқазғанда 250 орындық облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ашылмақ. Аталмыш білім ордасы әзірге қаладағы бір мектептің ішінде орналасады. Ал 2018 жылы ол үшін жаңа ғимарат салу жоспарда тұр. Облыс әкімі Ерлан Қошанов жобамен және құрылыс жұмыстары жүргізілетін орынмен танысып қайтты. 

Мектептің құрылысына 3,5 га жер қажет. Алайда қазіргі таңда осындай үлкен аумақ тек жобада белгіленген жерде ғана болып тұр. Ғимарат 900 оқушыға шақталған. Құрылыс жұмыстары 2019-шы жылы аяқталады деп күтілуде. Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер күтілуде. Жезқазғанның үш жылдық даму жоспарында емханалар мен ауруханалар қажетті жақбықтармен және медициналық құралдармен 75%-ға дейін қамтылатыны көрсетілген.

Санитарлық автопарк 100% жаңартылады. Аурухана қалашығы қайта қалпына келтіріліп, Орталық аурухана және Балалар үйі, Облыстық наркологиялық диспансердің бөлімі және Жезқазған қалалық емханасының бас корпусы күрделі жөндеуден өткізіледі, Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік шеңберінде орталық аурухананың ғимаратында балалар нейро оңалту орталығы ашылады. Онда жылына 1000 бала сауықтыру емін ала алады. 

Жезқазғанда сондай-ақ жүзу бассейні бар денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу, бірнеше балалар-жасөспірімдерге арналған дене дайындығы клубтары ашу жоспары бар. Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында алдағы 3 жыл аралығында мұнда жеңіл атлетикалық эстафеталар, жело жарыстар мен жартылай марафондар өткізу көзделіп отыр. 55% до 85%.Жақсы және қанағаттанарлық деңгейдігі жергілікті маңыздылығы бар автомобиль жолдарының үлесі Жезқазғанда 55%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылады. 

« Егер біз біртіндеп осы жоспарды ұстанып, алға жылжысақ, бұл шаралар жақсы көрсеткіштерге жеткізеді.Қазірдің өзінде жолдардың жақсарғаны көрініп тұр. Келесі жылы да біз осы қалыппен әрі қарай жөндеу жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Маған жезқазғандықтар өздерін шалғайда қалғандай сезінбегені маңызды. Біз бұл жоспарда аймақ үшін маңызды және әлеуетті шараларды қарастырдық », - деп есептейді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

 

 

 




Яндекс.Метрика