Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Астанада ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің жұмысы қорытындыланды

Бүгін, 28 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Талғат Донаковтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі.
Астана қаласы28 Желтоксан , 17:50

«Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысында еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және жолдауларын іске асыру мәселесі қарастырылды», - делінген хабарламада.

Аталған мәселе бойынша Конституциялық Кеңестің ақпараты тыңдалды.

Отырыста 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған Жоспардың орындалуы бойынша жұмыс қорытындылары туралы Әділет министрлігінің есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, кеңес отырысында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің ағымдағы жылғы жұмысы қорытындыланды және Кеңестің 2014 жылғы Жұмыс жоспарының жобасы мақұлданды.

Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.




Яндекс.Метрика