EXPO-2017

Элазар Коэн: ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде

Израиль ЭКСПО-2017 көрмесінің жетістіктерін 45 күндік қорытындысы бойынша жоғары бағалайды.
Нұр-Сұлтан 25 Шілде, 17:34

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 45 күндік қорытындысы бойынша израильдік павильон 139 мың қонақ қабылдады, Осы кезеңде Израиль павильонына бірнеше жоғары лауазымды делегациялар, оның ішінде Қазақстан, Қытай, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Монако, Жапония, Италия, Малайзия, Корея, Литва және Аргентина елдерінен келді.

«Қазірдің өзінде  ЭКСПО-2017 ұйымдастырылуының жеткілікті жоғары деңгейі көрмені ерекшелейтінін сенімділікпен айтуға болады», - деді   Израиль павильоны бас комиссары Элазар Коэн.

Айта кетсек, Израиль ЭКСПО-2017 аясында Ұлттық күнін 29 маусымда, өз қонақтарын мәдениеттің алуан түрлілігімен таң қалдыра отырып, ұлттық нақышта атап өтті. Аты әлемге әйгілі King David Peace Drummers барабаншылар тобы және израильдік шығу тегі эфиопиялық әнші Avevа концерттік бағдарламаларымен өнер көрсетті.  

18 және 19 шілдеде джаз энергиясымен Yogev Shetrit триосы қуаттандырды. 22 және 27 маусым аралығында Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және израильдік Tiltan дизайн коллежджінің жас дизайнерлері «баламалы энергияға» деген өз шығармашылық көзқарастарымен бөлісті. Айта кетсек, студенттердің жұмыстарын танымал қазақстандық суретшілер мен дизайнерлер: Зинидин Исниязов, Асхат Ахмедьяров пен Серік Буксиков, Сергей Тюрин бағалады.

5 және 8 тамыз аралығында Астанада израильдік Di Gasn триосының еліктіріп әкететін энергиясы бар клезмер концерттері жоспарлануда. 29 және 30 тамызда Malabi Tropical джипси, регги, сальса әуендерімен жандыра отырып өз гала-концертін өткізеді.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 аясында израильдік сарапшылар мен көрнекті қайраткерлер, сондай-ақ БАҚ өкілдері іскерлік іс-шаралар мен форумдарға белсенді қатысты. Айта кету керек, израиль-қазақстандық қарым-қатынас аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде  бизнес-форумдар өткізілді, және іскерлік маусымның басталуымен тағы бірқатар израильдік және қазақстандық бизнесмендердің қатысуымен іскерлік шаралар жоспарланған.

 





Яндекс.Метрика