Білім беру

Оңтүстікте «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

Оңтүстіктің жастарына солтүстік облыстарда тегін оқуға мүмкіндік беретін «Серпін» жобасына құжат қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан 25 Шілде, 17:12

Биыл жоба аясында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы жоғары және орнаулы орта оқу орындарына  4513 грант бөлінген.  Оның 3793-і жоғары оқу орындарына, қалғаны колледждерге бөлініп отыр. 

Айта кету керек, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысынан 5627 жас осы жоба аясында білім алып жатыр.  Алғашқы қатысушылар диплом алып, жұмысқа орналасып үлгерген.

Жобаның артықшылығы сол, халқы тығыз орналасқан оңтүстік жастарының тегін білім алуына, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік беріледі. Жұмыссыздық, балабақша, мектеп жетіспеушілік секілді бірқатар әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуына ықпал етеді. Ең бастысы, халқы сиреп жатқан солтүстік өңірлер қаракөздермен толығады.

Айта кетейік, соңғы үш жылда 9 облысқа – Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына 5627 түлектің 4698-і  жоғары оқу орнына түссе, 929 талапкер колледждерде білімін жалғастырған. 





Яндекс.Метрика