Білім беру

Шығыс Қазақстанда кембридждік оқыту жүйесі енгізілуде

Шығыс Қазақстан облысында үш жылдық білім берудің жоспары жүзеге асырылуда, оған 2 млрд теңге қарастырылып отыр.
Шығыс Қазақстан25 Шілде , 20:14

Өңір әкімдігінде хабарлағандай,  қазақстандық және шетелдік тілтанушыларды тарта отырып,  кембридждік жүйе  әдісін енгізу қарастырылған.

Оқыту үрдісі қажетті деңгейде өтуі керек, мектептер жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілді.  Үш мыңнан астам педагог  біліктілігін арттырды,  биыл 2,5 мың ұстаз  біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық» білім беру бар. Оған  26 мамандық пен 36 біліктілік енеді.

Өңір әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша аз уақыттың ішінде нарық қажеттілігіне сәйкес, орта-кәсіптік дайындық қалпықа келтіріледі. 




Яндекс.Метрика