Мәдениетті жаңғырту

Астанада кунг-фу жауынгерлерінің бірегей шоуы өтеді (ФОТО)

Тамыздың 11-і мен 13-і аралығында Астанаға кунг-фу жауынгерлері келеді. Олар көрермендер назарына Kungfu revelations. 9 Scrolls (кунг-фу сыры) қойылымын ұсынады, деп хабарлады мәдениет басқармасы.
Нұр-Сұлтан 25 Шілде, 15:57

Шоу барысында артистизм элементтерімен аралас дәстүрлі қытайлық жекпе-жектер көрсетіледі. Бұл ежелгі қоян-қолтық ұрыстың мүлдем жаңа бір түрі.

Баурап аларлық қойылым көрермендерді дәстүрлі Қытай мәдениетімен таныстырады. Жауынгерлердің айқын әрі үйлестірілген айла-әрекеттері медитативті практикалармен үйлесімділікте жақсы энергетика мен тыныштық сезімін тудырады.

Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, Kungfu revelations – жанға жайлы жақсы терапия әрі демалыс болып табылады, өйткені шоуға қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылаған кезде адамның денесі босаңсып, ол өзінің жаны мен тәнінің жаңа қырларын тани бастайды.

Атап өткен жөн, бұл шоудың әлемде аналогы жоқ. Kungfu revelations – Шанхайда өткен "ЭКСПО-2010" көрмесінің визит картасы болған және төрткүл дүниеде кеңінен танымал.

 





Яндекс.Метрика