АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Сүт және шұжық өнімдерінің импорт үлесі төмендейді – АШМ (ФОТО)

Ірімшік импортының көлемі 70%-дан 51%-ға, май 37%-дан 17%-ға, сүзбе 35%-дан 23%-ға төмендемек.Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А Мырзахметов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 25 Шілде, 13:09

Айталық, сүтті қайта өңдеу бойынша 148 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, олардың 41-і қайта жаңғыртуды талап етеді. Ал 42 шағын кәсіпорын 2021 жылға қарай іске қосылуға тиіс.

«Қазіргі таңда сүт өңдеуші кәсіпорындардың 60%-ға жүктеліп тұрғанын атап өткен жөн. Ал 2021 жылға қарай олардың жүктелімі 80%-ға жетпек. Міне, осының есебінен сүтті қайта өңдеу көлемі 1,6 млн. тоннаға артып, қайта өңдеу үлесі 31%-ға жетпек», - деді А.Мырзахметов.

Өз кезегінде, аталған шаралар сүт өнімдері өндірісі көлемін 49%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ірімшік импортының көлемі 70%-дан 51%-ға, май 37%-дан 17%-ға, сүзбе 35%-дан 23%-ға төмендемек.

Дәл осындай көрініс ауылшаруашылық шикізатының қалған 8 басымдыққа ие түрлерінде қылаң беруде.

«Қайта өңдеу картасын жүзеге асыруға инвестициялық қажеттілікті қанағаттандыру негізгі және айналымдағы қаражат есебінен инвестициялық субсидия, сондай-ақ, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетіктері арқылы қамтамасыз етілмек», - деді ол.

Аграрлық қайта өңдеуді дамыту бойынша шаралар жүйесі тиісті тараптар тұрғысынан қолдау тауып, құпталған жағдайда (Аграрлық қайта өңдеу картасы) АШМ бекітілген тәртіпке сәйкес АӨК-ті дамтудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізеді.

Қазірдің өзінде «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» холдингтері арасында өзара үйлестірілген инвестициялық саясат пен аграрлық қайта өңдеу жобаларын іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика