Инфрақұрылымды дамыту

«Астана-Щучье» тасжолы 2013 жылдың мамырынан бастап ақылы болады

«Астана-Щучье» тасжолы 2013 жылдың мамырынан бастап ақылы болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

«Астана-Щучье тасжолы ақылы жол болады. Алайда қазір біз техникалық сынақ өткізіп жатырмыз. Оны аяқтағанан соң, бүкіл мемлекеттік органдар талап ететін нормаларды анықтаймыз. Бұдан соң, біздің ойымызша, келесі жылдың мамыр айынан бастап ақылы жол жұмыс істейтін болады. Өйткені, бұл маңызды және өте қажет шара деп ойлаймын. Техникалық мәселелер шешілген соң, бұл ақылы негізде жұмыс істейді», - деді А.Жұмағалиев.

Оның айтуынша, жолдың нақты ақысы мемлекеттік органдармен бірге тиісті шаралар өткізілгеннен кейін анықталмақ. Анықталған ақы көлемі БАҚ арқылы хабарланады.




Яндекс.Метрика