«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Желтоқсанда Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай жолдары ақылы болады

Биыл біз Астана-Теміртау (132 км) және Алматы-Қапшағай (42 км) автожолдарында ақы алу жүйесін монтаждау жұмыстарына кірістік. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 12:24

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының негізгі басым міндеттерінің бірі республикалық маңыздағы автожолдарға ақылы жүйе енгізу болып табылады. Барлығы 6,5 мың шақырым автожолды ақылы ету жоспарлануда.

«Биыл біз Астана-Теміртау (132 км) және Алматы-Қапшағай (42 км) автожолдарында ақы алу жүйесін монтаждау жұмыстарына кірістік. Ал, екінші жартыжылдықта Алматы-Қорғас (295 км) автожолындағы ақылы жүйені монтаждау жұмысы басталады. Жыл соңына қарай аталмыш учаскелерде ақылы жүйе толық енгізіліетін болады»,-деді министр Жеңіс Қасымбек.

  ҚР ИДМ басшысының мәліметі бойынша жыл соңына дейін 5,5 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізу жобаларын әзірлеуді аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кетейік,  ИДМ жаңа автожол жобаларын  жүзеге асыруға кірісті.

Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика