«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркіне 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-ға биыл 7,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Қаражатты қарашада толық игеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысы барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 11:21

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымы бөлігінде биыл 7,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Осы қаражатты толық игеру 2017 жылғы қарашаға жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, газ турбиналары орнатылып, ауа салқындату конденсаторларын жеткізу жүзеге асырылуда», - деп есеп берді министр.

Сондай-ақ, биыл жылумен, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бағыты бойынша Ұлттық қор қаражатынан 53 млрд теңге көзделген. 

«Бұл 2017-2018 жылдар кезеңінде 1 248 км желіні салу мен қайта құруға мүмкіндік береді. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар табиғи монополия субъектілеріне 29,3 млрд теңге мөлшерінде бюджеттік несие берген», - деп қосты Т. Сүлейменов.  

Осы ретте министр табиғи монополия субъектілері қаражатты баяу игеретінін атап өтті.   

«Табиғи монополия субъектілері 3,2 млрд теңге игерген. Осыған байланысты, 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар табиғи монополия субъектілеріне қаражатты толық көлемде аударғанын ескерсек, біз өз жұмысымызды орындап шықтық. Сонымен бірге, табиғи монополия субъектілерінің өздерімен байланысты қандай да бір сұрақтар туындайды, олар қаражатты өте баяу игеруде. ҚТКШІК жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерінің осы қаражатты баяу меңгеруінің себептерін анықтап, қолдау шараларын қабылдауы қажет деп санаймыз», - деп қорытындылады министр.

Еске сала кетейік, министр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша да есеп берген болатын.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика