«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол» аясында 51,5 млрд теңге игерілді (ФОТО)

« Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көліктік инфрақұрылым мен индустриалды инфрақұрылымды дамытудың негізгі қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында есеп берді.
Нұр-Сұлтан 25 Шілде, 11:16

« 2017 жылы республикалық маңыздағы  22 негізгі автожол жобасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қор  қаржысы мен  республикалық бюджеттен  259,8 млрд теңге қарастырылған,  оның ішінде  2017 жылдың  1 шілдесіне дейін  51,5 млрд теңге игерілді. Сондай-ақ, ЖҚО-дан  қосымша  96,4 млрд теңге тартылды, оның ішінде бүгінгі таңда  13,2 млрд теңгесі игерілді», - деді министр.

Жалпы, биылғы жылы  құрылыс пен қайта жөндеумен  4,4 мың шақырымды қамтып,  602 км пайдалануға беру жоспарланған.

«2017 жылы логистикалық инфрақұрылымдарды  дамыту үшін  Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен  55 млрд теңге бөлу қарастырылған. Оның  15 млрд теңгесі игерілді.  Олар екі жобаға  бөлінеді – бұл Құрық портының екінші фазасы мен Астана әуежайының  құрылысы», - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, екінші фазаны жүзеге асыруға  50 млрд теңге  қарастырылған.

«Қазіргі таңда  «ҚТЖ» АҚ  15 млрд теңгені игерді.  Құрылыс-монтаждық жұмыстар  кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Екінші бағыт бойынша – Астана қаласының халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының қосымша инфрақрылымының  құрылысына  5 млрд теңге бөлінді. Оны игері  биылғы жылдың  желтоқсанына  жоспарланған. Сондай-ақ, Алматы 1- Шу учаскесіндегі екінші жолды «ҚТЖ» АҚ есебінен  жүргізу қарастырылып отыр», - деді ол.

 Осылайша, қаржыландыру көлемі  9,3 млрд теңгені қрады,  2017 жылдың  1 шілдесінде 4,4 млрд теңге бөлінді.

Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов 





Яндекс.Метрика