Халықаралық интеграция

Қазақстан Еуропа бойынша кодекс Алиментариустың үйлестірушісі болып тағайындалды

Женевада Кодекс Алиментариус Комиссиясының 40-шы сессиясы өтті. Аталған сессиға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің Төрағасы - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин бастаған Қазақстан делегациясы қатысты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Нұр-Сұлтан25 Шілде , 14:31

Аталған сессияда Қазақстан Республикасы 2018-2019 жылдарға Кодекс Алиментариус Комиссиясының Еуропа бойынша ФАО/ДДҰ Үйлестіруші комитетінің төрағасы ретінде бірауыздан тағайындалды. 

Қазақстан құрамына Еуропа өңірі мен Орталық Азияның 52 елі кіретін ФАО/ДДҰ-ның Үйлестіруші комитетіне 2003 жылдан бастап мүше болып табылады. 

Кодекстің миссиясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және ғаламдық деңгейде адал сауданы қамтамасыз ету, тамақ өнімдеріне арналған халықаралық стандарттарды және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басшылыққа алынатын қағидаттарын әзірлеуден тұрады. Қабылданатын стандарттар тағамдық қоспалар үшін рұқсат етілген шекті көрсеткіштер немесе пестицидтердің қалдық мөлшерлері туралы  ережелерді әзірлеуден таңбалауда тағамдық құндылығы туралы мәліметтерді көрсету бойынша басшылық, тағам өнімдері гигиенасының және микробқа қарсы препараттарға қатысты орнықтылықтың жалпы принциптерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқауларға дейін әзірлеуді қамтиды.

«Еуропа бойынша ФАО/ДДҰ Үйлестіруші комитетіне төрағалық ету Қазақстанға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық стратегияны тиімді іске асыруға бірегей мүмкіндік алуға, бизнесті қолайлы жүргізу үшін тағам стандарттарын үйлестіруге және қолдануға, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға, отандық өнімдерді әлемдік нарыққа жылжытуға және халықаралық ғаламдық экономикаға интеграциялануға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, 50 жылдан аса уақыт ішінде Кодекстің мүше елдері халықаралық нарықтарда іске асырылатын тамақ өнімдерінің стандарттарын келісу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл стандарттар тұтынушылардың қауіпсіздігін, қоғамдық денсаулық сақтауды жақсартуға және елдер арасындағы артық сауда кедергілерін қысқартуға мүмкіндік берді. Осындай бірлескен жұмыс елдерге Кодекс стандарттарымен кепілдік берілген сапалы және қауіпсіз тағам өнімін сатып алуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, Алиментариус Кодексінің Комиссиясы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО (Food and Agriculture Organization, FAO))) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымының бірлескен үкіметаралық органы болып табылады және әлемнің 7 географиялық өңірінен 188 мүше елді қамтиды.

Алты өңірлік Үйлестіруші комитеттен (Африка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдері және Кариб өңірі, Солтүстік Америка елдері) және жалпы мәселелер мен тауарлар бойынша 18 Комитеттен тұрады.




Яндекс.Метрика