Білім мен кәсіби машық

Көкшетауда инновациялық жобалар бойынша облыстық конкурстың нәтижесі шықты

Ақмола облысында жастар арасында «AKMOLA POWER» инновациялық жобалар конкурсының нәтижесі шығарылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола28 Желтоксан , 17:45

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жас ғалымдары өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. «Әлеуметтік жобалар» номинациясының қорытындысы бойынша Тәжірибелік дене шынырықтыру мен спорт кафедрасының аға оқытушысы Иван Смирнов жеңімпаз атанды. Оның жұмысы Ақмола облысының спорт саласын дамытуға бағытталған болатын», - делінген хабарламада.

«Технологиялық жетілу» номинациясы бойынша Тимур Букин үздік атанды. «Агрономия» мамандығының 2 курс магистранты үздік болып танылды.

Жас мамандарға дипломды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков ұсынды.




Яндекс.Метрика