100 жаңа есім

100 жаңа есім: Денис Уланов

Нұр-Сұлтан25 Шілде , 12:53

Бала кезінде Денис Уланов көптеген балалар сияқты ғарышкер болуды армандайды, алайда, оның тағдыры басқаша шешіледі. 

Еl.kz жазғандай, Уланов ауыр атлетика секциясына досының шақыруымен келеді. Ол кезде әлі жас Денис спортшы болуды ойламаған еді, алайда, оның жаттықтырушысы Денистің бойындағы жігерін байқап, оның қабілетін дамыта бастайды. Жас Денис Улановты Иван Строкатов жаттықтырады. Ол баланы жолында кездескен барлық қиындықтарды жеңе білуге үйретеді. 

Қазір Денис Уланов Қазақстанның атынан халықаралық жарыстарға, соның ішінде Олимпиада ойындарына қатысып жүр.

Спортшы 2015 жылы ауыр атлетикадан Ресей Федерациясы Президентінің Кубогына өткен жарыстарда өзін алғаш рет көрсетеді. Онда Денис екінші орынға ие болып, күміс медальды жеңіп алады. 

Спортшының өміріндегі екінші бір маңызды кезең 2016 жылы ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысу еді. Денис Уланов өзінің 85 кг дейінгі категориясында ең жоғары салмақты көтеріп, алтын медаль жеңіп алады. Дәл осы жетістігі жас Денис Улановқа Бразилиядағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді. 

Спортпен шұғылдана бастағаннан бері Денис Улановтың арманы Олимпиада ойындарына қатысу болатын. Мұндай мүмкіндік оған 2016 жылы беріледі. Азия чемпионатынан кейін Денис Қазақстанның құрама командасынан орын алып, Рио-де-Жанейроға аттанады. Алайда, мұнда спортшы төртінші орынды иеленеді. 

2016 жылғы желтоқсанда румын допинг қолданғаны үшін жарыстан шығарылып, қола медаль Денис Улановқа беріледі.  

Қазіргі уақытта ол Өскемен қаласында тұрып жатыр, КСРО-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Девяткин Александр Григорьевичтің қол астында жаттығуда.




Яндекс.Метрика