Адами капитал

Ақши ауылындағы темір жол вокзалының құрылысы тамыз айында басталады

Ақши ауылындағы темір жол вокзалының құрылысы тамыз айында басталады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөлге жұмыс сапары барысында айтты.
Алматы25 Шілде , 10:54

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  облыс әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданына жұмыс сапарымен барып, туризмнің даму жағдайын көзбен көріп қайтты.

Соның ішінде әлеуметтік салаларды да аралап, Ақши ауылында жаңадан пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияда, Үшарал қаласындағы «Жастар» саябағында да болды.

Талдықорғандағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағы мен Қаратал жағалауын үлгі ете отырып салынған Үшаралдағы жаңа саябақ көз қуантады. Мамыр айында пайдалануға берілген демалыс орнының аумағы - 15,1 га. Бөлінген 103,6 млн. теңгеге аталмыш саябақтың жөндеу және абаттандыру жұмыстарын «Алакөл жылу» ЖШС сапалы жүргізген.

Аллеяда сәулеттік мүсіндер, Мәңгілік ел монументі қойылған. Мұнда балаларға арналған шағын футбол және ойын алаңдары, велосипед жолы, дене шынықтыруға арналған құрылғылар қарастырылып, субұрқақ, үлкен қолшатыр үлгісімен сәндетіліп жабылған орындықтар орнатылған.

Облыс әкімі А. Баталов саябақта серуендеп жүрген тұрғындармен, ойын алаңындағы балалармен тілдесті. Жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан жастарға саябақ ішінде жолығып, тілегін білдіріп, ақ жол тіледі.

Мұнан соң Алакөл жағалауын дамытудың егжей-тегжейлі жоспарымен, көл жағалауын бекіту, автокөлік жолдарын қайта жаңғырту, Ақшиде салынатын темір жол вокзалы құрылысының жобаларымен, көл жағалауында туримзді дамыту шараларымен танысты.

Облыс әкімі А. Баталов көл жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізбес бұрын ғылыми зерттеу шараларын атқару қажеттігін айтты.

Жағалаудың қай тұсын су жиі шаятынын, толқын соққысы қай жерге көп тиетінін, жалпы жағалауды бекіту барысында назарға алынуы тиіс мәселелерді арнайы ғылыми мамандармен бірлесе отырып атқаруды тапсырды. Сонымен қатар темір жол вокзалының құрылысын тамыз айының ортасынан кешіктірей бастау қажеттігін ескертті.

 




Яндекс.Метрика