Өңірлер

Әкім Көкшетаудағы мектеп құрылысының барысын тексерді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласындағы салынып жатқан бірқатар объектілерді аралады, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Ақмола25 Шілде , 10:31

Сапар барысында М. Мырзалин «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан мемлекеттік тілде оқытатын, 900 орынға арналған мектепте болды.

Құрылысшылардың айтуынша, қазір жұмыс қызу жүріп жатыр. Осы кезеңде ғимаратқа инженерлік-коммуникациялық желілер өткізілген, екі қабаты салынған, ішкі инженерлік желілер өткізіліп жатыр.   

Облыс әкімі жұмыс барысымен танысып, оларды орындау сапасы мен мерзіміне баса назар аударды, сондай-ақ мектеп құрылысы барысында Ақмола облысында өндірілген құрылыс материалдары  мен жабдықты пайдалануды тапсырды. Мектеп құрылысы 2018 жылдың 3-тоқсанында аяқталмақ.  

Бұдан бөлек, «Васильковский» шағын ауданында М. Мырзалин аула аумақтарын күрделі жөндеу барысымен танысты. Бүгінгі таңда мұнда асфаль-бетон төсеу, жолдар салу, жарықтандыру бойынша жұмыстар орындалған.  

Қала әкімі Е. Маржикпаевтың айтуынша, биыл «Васильковский» шағын ауданында аула аумақтарын қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталады, ал «Центральный» және «Юбилейный» шағын аудандарында аула аумақтарын жөндеу одан әрі жалғаспақ.

«Биыл аула аумақтарын күрделі жөндеу үшін қаржыландыру 3 есе ұлғайды. Егер 2016 жылы біз небары 14 ауланы жөндеуден өткізсек, биыл тағы 62 ауланы қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді Е. Маржикпаев.  




Яндекс.Метрика