EXPO-2017

ЭКСПО-2017: Юньнань провинциясының күні өтті

Астанада ЭКСПО-2017 аумағындағы Қытай павильонында қытайлық Юньнань провинциясының күні өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің медиа орталығы.
Нұр-Сұлтан 25 Шілде, 09:13

Қазақстан мен Қытай өкілдері арасында іскерлік кездесулер мен келіссөздер өткізілді. Қытай тарапынан Юньнань провинциясының Халық Когрессінің тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ван Шуфэнь ханым, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханхуэй, ҚХР Халықаралық сауда палатасының бас хатшысы Юй Цзаньпун және өзге өкілдер қатысты.

Қазақстан делегациясының өкілдері ішінде – Инвестициялық әріптестік қазақстандық Агенствосының басшысы Айдын Байедилов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, «Атамекен» ҰКП Президиумының мүшесі Талғат Доскенов тағы басқалар болды.  

ЭКСПО-2017 алаңындағы кездесулер Қытай компанияларымен тиімді жұмыс істеу форматын қалыптастырады.

Негізгі тақырып – инвестициялық әріптестік дамуы, бірлескен жаңа кәсіпорындар құру, Қазақстаннан Қытайға тауар жеткізу және Қытайдан Қазақстанға тасымалдау болды.

ҚХР халықаралық саудаға ықпал ету Комитеті мен Инвестициялық әріптестік қазақстандық Агенствосы және шәй компаниялары мен туристік бизнес арасында меморандум мен әріптестік жөніндегі келісімге қол қойылды.

-Біздің Агенство Қазақстан мен біздің қытайлық достарымыз бен серіктестерімізбен іскерлік әріптестікті нығайту мақсатында ЭКСПО алаңын тиімді пайдалануда. Осылайша біз мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту бойынша тапсырмасын орындаудамыз. Барлығымыз Қытай - еуразиялық құрлықта және әлемде мойындалған экономикалық көшбасшы екенін білеміз. Бүгін біздің кәсіпкерлер ауылшаруашылығы, туризм, жаңа технологиялар салаларында үлкен тәжірибесі бар Юньнаньмен танысуда. Бұл шаһар Қытайдың көп ұлтты провинциясы болып табылады. Біз Юньнань Қытайдың оңтүстік қақпасы екенін жақсы түсінуіміз керек. Сөзсіз, Қазақстанның аймақтары осы провинциямен іскерлік қарым-қатынасты барынша нығайту қажет, - дейді Айдын Байедилов.  

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Қазақстан мен Қытай арасындағы аймақаралық әріптестік үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

Өз кезегінде Ван Шуфэнь ханым Юньнань Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне үлкен жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысып жатқанын жеткізді. 

Бұдан бөлек, Юньнань күнінің салтанатты ашылуы алдында шараға қатысушылардың конструктивті және нәтижелі кездесуін әспеттеген дәстүрлі шәй рәсімі өтті.

Фото: Астана әкімдігі





Яндекс.Метрика