Жаңа қазақстандық патриотизм

Көкшетауда өткен республикалық айтыста павлодарлық ақын бас жүлдеге ие болды

Көкшетауда жас ақындар арасында «Жырың болып төгілемін, елім» атты айтыс өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола28 Желтоксан , 17:15

«Жас ақындар көрермен көңілін өлең-сөздің құдіретімен байытып, жұртшылыққа қуаныш сыйлады. Орақ тілді, от ауызды жыр дүлдүлдері суырып салма өнерді жетік меңгергендерін кезекті рет дәлелдеді. Әзіл-шыны аралас өрілген өлең мазмұнында замандас қалжыңы да, заман қынжылысы да айтылды», - делінген хабарламада.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені павлодарлық Аспанбек Шұғатаев иеленсе, алғашқы үш орынды Мұхаммед Қоңқаев (Көкшетау), Жарқын Жұпархан (Петропавл) мен Құрметхан Құралханұлы (Ақмола облысы Ерейментау ауданы) өзара бөлісті.

Айтысқа қатысқан барлық ақын алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.




Яндекс.Метрика