Энергетика

ТМД сарапшылары атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдануды талқылады

Астана ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы «Атом энергиясының әлемі» павильонында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі ТМД-ға мүше-мемлекеттер комиссиясының арнайы отырысы өтті, деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп» АҚ.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 19:57

Жиналысқа аталмыш комиссия мен ТМД Атқару комитетінің мүшелері, Қазақстан, Беларусь, Армения энергетика министрліктерінің, Қазақстанның ядролық қоғамы мен ТМД елдеріндегі атом саласы компанияларының, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Росатом» МК өкілдері және т.б. қатысты. Кездесуде атом энергиясын пайдаланудың қазіргі жайы және перспективалары сөз болды.

Сол күні ТМД елдері атом өнеркәсібінің жетекші мамандары қатысуымен «ТМД елдерінде орта және шағын қуаттағы қауіпсіздігі жоғары инновациялық реакторлық қондырғылар жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері» деген тақырыппен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Шара барысында конструкторлық орталықтардың сарапшылары реакторлардың инновациялық үлгілерімен таныстырды. Қазіргі заманғы атом қондырғыларының қауіпсіздігі тақырыбы толық ашылды. Атап айтқанда, спикерлер орта және шағын қуаттағы реакторлардың қауіпсіздік деңгейі өте жоғары екенін атап көрсетті.

Таныстырылымдар қорытындысы бойынша отандық және шетелдік атом саласының сарапшылары өзара пікір алмасты.

 




Яндекс.Метрика