Басқару

Н.Назарбаев Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 17:29

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жоғары мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары елдеріміздің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтіп, басым бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.

 




Яндекс.Метрика