EXPO-2017

ЭКСПО көрмесінде бір жарым миллионға жуық адам болған

ЭКСПО-2017 көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді, деп хабарланды көрменің медиа-орталығында.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 17:54

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді. Еске сала кетейік, 11 шілдеде Астанадан математика пәнінің мұғалімі ЭКСПО-2017 көрмесінің миллионыншы келушісі болып тіркелген болатын.

17-23 шілдеде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде 285 300 адам болған, яғни күніне орта есеппен 40 757 адам келген. Еске сала кетейік, көрме жұмысының бірінші аптасында бір күндегі келушілердің саны орта есеппен 23 мың адамды құраған.   

10-23 шілде аралығында келушілердің жалпы саны 1 484 300 адамды құраған.

10 маусым күні келушілердің жалпы саны 11 295 991 адамды құраған. 




Яндекс.Метрика