Инвестициялар

Батыс Қазақстанда инвестиция көлемі 129,6 млрд теңгені құрады

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қайта бағалау есебімен 129,6 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Батыс Қазақстан24 Шілде , 18:13

Нақты көлем индексі 2016 жылғы тиісті кезеңге 79,0 % құрады. 

Инвестициялардың технологиялық құрылымының 44,7%-ын ғимараттар мен имараттардың құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, 30,7 %-ын - машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, 24,6%-ын – басқа күрделі жұмыстар мен шығындар құрады. 

2017 жылғы қаңтар-маусымда инвестициялық салымдардың 73,9% өнеркәсіпке, 13,7%-жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 1,9%-көтерме және бөлшек сауда бағытталған. 

Негізгі капиталға салынған инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (59,7 млрд.теңге), Зеленов (33,0 млрд.теңге) аудандарында және Орал қаласында (27,2 млрд.теңге) байқалады.

 




Яндекс.Метрика