EXPO-2017

Уганда ЭКСПО көрмесінде электростанциялардың жаңа тобымен таныстырды

Угандада екі гидроэлектростанцияның құрылысы жүріп жатыр, біреуі – Корамда, ал екіншісі – Симбияда. Бұл туралы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Уганданың Ұлттық күнін атап өту барысында Уганданың Ресей Федерациясындағы елшісі Рутазиндва Гидеон Мвебазе хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 17:12

Ол өз сөзінде Угандада жаңартылатын энергия көздерін өндіретін электростанциялар тобы салынып жатқанын айтты.  

«Угандада энергетика секторы еліміздің сәтті дамуы үшін басым әрі негізгі сектор болып табылады. Электр энергиясын беруді қамтамасыз ету үшін біз қазір екі электростанция салып жатырмыз, біреуі – Корамда, екіншісі – Симбияда. Сондай-ақ Яггода қуаттылығы 600 мВт болатын гидроэлектростанция құрылысының үшінші ірі жобасы әзірленіп жатыр, қазір бұл жобаны қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Таза энергия өндіретін электростанциялар тобына басқа да шағын электростанциялар кіреді», - деді Рутазиндва Гидеон Мвебазе.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысының міндетін атқарушы  Нұрсейіт Байжанов Қазақстан Уганда Республикасымен сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету мен кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.

«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қазіргі заман үшін өзекті тақырып болып табылады және осы тұғырнамада ұсынылған идеялар Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы жаһандық экономиканы дамыту үшін де пайдалы болады деп санаймыз. Уганда Республикасы өзінің географиялық орналасуының және климаттық жағдайларының арқасында күн, су және жел энергиясын дамытуда үлкен әлеуетке ие», - деді Нұрсейіт Байжанов.

Сондай-ақ, биыл Қазақстан мен Уганда арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 9 жыл толып отырғанын айта кеткен жөн. Осы уақыт ішінде елдер арасында өзара сенім мен әріптестікке негізделген жылы қарым-қатынас орнаған. 




Яндекс.Метрика