Салық саясаты

2013 жылдың 11 айы бойынша Алматыда тауарларға 160 мың мәлімдеме тіркелді

2013 жылдың 11 айы бойынша Алматыда тауарларға 160 мың мәлімдеме тіркелді, деп Алматы қаласы кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы28 Желтоксан , 16:46

«2013 жылдың 11 айы бойынша Алматылық кедендік бақылау департаментімен тауарларға 160 мың мәлімдеме тіркелген. Олардың 95 пайызы «Күн күніне» тіркелді. Мемлекет қазынасына салықтардан 182,9 млрд теңге түсті», - деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Консультативті кеңестің қорытындысы бойынша кедендік заңнаманың жетілуі бойынша Алматылық департаменттің басшысы Эрланд Төлеубаев 2013 жылдың нәтижесін шығарды.

« Сыртқы тауар айналым 11 айдың ішінде 13,3 млрд теңгені құрады. Республикалық масштабта  Алматының үлесі импорт 36,3 пайызды немесе 9,1 млрд долларды құрады. Ал экспорт режимі 1,8 пайыз немесе 1,3 млрд долларды құрайды», - деді Э. Төлеубаев.




Яндекс.Метрика