Ұлттың денсаулығы

Педиатрия ғылыми орталығы жылына 5 мыңнан астам балаға көмек көрсетеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында әр түрлі педиатриялық бейіндер, оның шінде онкологиялық және гематологиялық аурулар бойынша жылына 5000 астам балаға жоғарғы технологиялық медициналық қызмет көрсетіледі.
Алматы қаласы24 Шілде , 16:38

Аталған медициналық жабдық әртүрлі жас санатындағы балалардың ауруларын ерте диагностикалауды жақсартады және зерттеу уақытын жеделдетуге, қысқартуға мүмкіндік береді. Ол кішкентай пациенттерді диагностикалау үшін өте маңызды, себебі ауру балалардың негізгі үлесі – 0-ден 5 жасқа дейінгі балалар.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай,  осының барлығы ерте кезеңінен нысаналы бағытталған терапияны тағайындауға мүмкіндік беріп, балалардың жазылып кетуін арттырады.

Жыл сайын республика  бойынша  орташа алғанда алғаш рет болған қатерлі ісік шамамен 600 балада анықталпды. Соңғы жылдары медицина жетістіктерінің арқасында қатерлі ісікке шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығы артып отыр, ал олардың басым көпшілігінің құлантаза сауығып кетуіне қол жеткізіліп отыр. 

 Осы нәтижелерге ерте жасалынған диагностиканың және емдеудің уақтылы басталуы арқасында қол жеткізілді.  Соңғы жылдары Қазақстанда онкологияны ерте кезеңінде диагностикалау жақсарғандығы байқалады  ( 2015 ж. – 29%, 2016 ж. – 37%).

Онкологиялық және гематологиялық ауруларға шалдыққан балаларды диагностикалау және емдеу халықаралық бағдарламаларға негізделген заманауи клиникалық хаттамаларға сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл ауыр ісік және гемобластоздары бар балалардың өмір сүруін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен, Германияның BFM бағдарламасын қолдану кезінде күрделі лимфобласты лейкоз кезінде балалардың өмірсүруі 76,3% артса, күрделі миелобластномды лейкоз кезінде 42%-ға артты.

Соңғы жылдары орталықтың тәжірибесіне апластикалы анемия және күрделі ісіктердің ауыр түрлерінен пайда болған рецидивті лейкоздары бар балаларды емдеуде жоғарғы технологиялық гемопоэтикалық жүйке жасушаларын трансплантациялау процедурасы енгізілгді. Аталған  технология да заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді нәтижелер көрсетті. 

 




Яндекс.Метрика