Энергетика

Қазақстанның өзгеде қалаларын жаңғыртуға дең қою керек – сарапшы

Астананың жетекші ақылды қалалардың біріне айналуда қандай артықшылықтары бар, сонымен қатар өзгеде аймақтардың әлеуетін арттыру қажеттілігі туралы жетекші сарапшылар қалалық архитектураның құрылысы барысындағы энерготиімді шешімдерге арналған «Болашақ энергиясы» форумынан кейінгі әңгімеде кеңінен әңгімелеп берді.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 15:12

ЕО-ның энергетика бойынша бас директорының орынбасары Герасимас Томас атап өткендей, жаңа технологияларды дамыту саласында елордамен қатар Қазақстанның өзгеде аймақтарын дамыту керек.

«Әрине, Астана жаңа қала, инновациялық қала. Алайда Астана қаласын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге де қалаларын дамытуға, жаңғыртуға дең қою керек. Энерготиімділікті тек құрылыс барысында ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесті дамыту, азаматтық қоғам саласында да пайдалануға болады және ол күнделікті өмірдеде пайдасы зор», - деп бөлісті Г. Томас.

Өз кезегінде, Еуропалық инвестициялық банктың бас хатшысы Клаус Тремель ЭКСПО-дан кейін Астананың дамуына қызығушылық танытты.

«Кеше ЭКСПО көрмесінде болдық. Әрине, мен Қазақстан павильонында болдым, ол мені таңғалдырды десе болады. Сфера тәріздес биіктігі 80-метр ғимарат, сіздердің жасаған жұмыстарыңыз жоғары бағалауға лайық. Болашақ энергиясы тақырыбы қашанда күн тәртібінен түспек емес. Сіздердің баламалы энергияға көшуде мүмкіндіктеріңіз зор, себебі сіздер сол мақтсатта жұмыс істеп жатырсыздар. Жеке өз басым, ЭКСПО аяқталғаннан кейін мұнда не болатынын көргім келеді.  Естуімше, зерттеу орталығы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылады. Мен ЭКСПО аяқталғаннан кейін аталмыш орталықтардың қалай жұмыс істегенін көру үшін қайта келгім келеді», - деді спикер.          

Ақбота Күзекбай

Фото автордан




Яндекс.Метрика