Инновациялар

Астанада оқушылар арасында инновациялық жобалардың олимпиадасы өтеді

Астанада оқушылар арасында инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы өтеді.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 15:38

«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы  Астанадағы Оқушылар сарайында мектеп оқушылары арасында инновациялық  жобалардың ұлттық олимпиадасының басталуына орай, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап брифинг өткізетіндігін хабарлайды.  

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау танытқан Ұлттық олимпиадаға еліміздің барлық мектебінің 6-11сыныптарының оқушылары қатыса алады.

Ұйымдастырушылар хабарлағандай,  қазіргі уақытта жұмыстарды бағалауға арналған сарапшылар тобы құрылған. Сарапшылар тобына оқушылар өз жұмыстарын 2017 жылғы 15 қазанға дейін ұсына алады.

Түрлі бағыт бойынша келіп түскен жұмыстардың ішінен сарапшылар тобы жүлдеге лайықтыларын анықтайды. Жүлдеге ие болған 10 жобаның авторына білім сертификаттары беріліп, кубок тапсырылады.

Сондай-ақ, жүлдеге лайық деп танылған жобаларды одан әрі дамыту мақсатында кәсіби кеңестер мен ұсыныстар беру және коммерциаландыру үшін демеушілер тарапынан менторлық жасау көзделген.

Еліміздің жас таланттарын анықтайтын жобаға арналған брифингке «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы» кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, Олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, боксшы Бахтияр Артаев, ZeroToOneLabs.com студиясының негізін салушы Арман Сүлейменов, «I2BF Global» компаниясының құрылтайшысы, «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының серіктесі Әділ Нұрғожин қатысады.

 




Яндекс.Метрика