Экономика

Өскемен мен Семейде үш индустриалды аймақ ашылды

Шығыс Қазақстанда өндірісті дамытуға арналған учаскеде автомобиль дөңгелектерін қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру және ет комбинатын салу жоспарлануда.
Шығыс Қазақстан24 Шілде , 14:32

Өскемен мен Семейде бизнесті дамыту үшін үш индустриалды аймақ ашылды. Осы аймақта өндіріс ошағын ашқысы келетіндер кәсіпкерлікке қолдау көрсету аясында тиімді шартттармен несие ала алады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінен хабарлағандай, мұнда жүзеге асырылатын жобаларға бірлесін қаржыландыру тұрғысында басымдылық берілген.

Бұдан басқа, Өскемендегі индустриалды аймақта жер телімі өндіріс толығымен куаттылығына көшкенше қайтарымсыз беріледі. Жер телімі барлық қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, бастапқыда аймақта қандай жобалардың жүзеге асырылатынын белгілеп, содан кейін қажетті инфрақұрылымдарды тарту керек.

Бүгінде индустриалды аймақтарда үш жоба жүзеге асырылып жатыр, 40 жұмыс орны ашылды. Өндіріс көлемі 60 млн теңгені құрады. Тағы екі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен қатар, өз кәсіпкерін күтіп отырған бос учаскелер бар. 




Яндекс.Метрика