EXPO-2017

Еуропалық одақ ЖЭК дамытуға 500 миллион еуро бөлді

Еуропалық инвестициялық банк пен Қайта құру банкі таза энергетика мен ЖЭК саласындағы жобаларды дамытуға 500 миллион еуро мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз етті.
Нұр-Сұлтан 24 Шілде, 12:42

Бұл туралы «Болашақтың энергиясы» форумынан тыс жерде Еуропалық Одақтың Энергетика мәселелері жөніндегі директораты бас директорының орынбасары Герасимус Томас мәлім етті. 

«Іске асырылған жобалар және ағымдағы жобалар көп, соңғы бес жыл ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуропалық инвестициялық банк таза энергетика, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды дамытуға 500 млн еуро мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз еткенін атап өткім келеді. Бүгінгі таңда ЕО құрылыс саласын дамытуға баса назар аударуда», - деді Г. Томас.

Бұдан бөлек, Герасимус Томас ЕО мұнай өнімдері, уран өнеркәсібі сияқты аспектілерде Қазақстаннан жеткізу тәуелділігінен босап, ЖЭК-ті барынша дамытуға тырысатынын хабарлады.

«Қазақстаннан уран жеткізу ЕО-дағы барлық көлемнің 21%-ға жуығын алады. Бүгінгі күні осы жеткізілімдердің ұлғаюы орын алатынын-алмайтынын айта алмаймын, себебі жекелеген мемлекеттердің атом электр станциясының құрылысын дамытатыны не дамытпайтыны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда, Қазақстаннан жеткізілімдер ЕО елдеріне барлық жеткізілімнің 1,5-ке жуығын құрайтынын сеніммен айта аламын. Жобалардың басым көпшілігі іске асырылды», - деп ақпараттандырды ол.

Спикер атап өткендей, ЕО болашақта Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор болып қалады.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика