Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Оралда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Оралда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы өтті. Мұнда кәсіпкерлер «бір терезе» заңдылығымен барлық қажетті көмекті ала алады.
Батыс Қазақстан28 Желтоксан , 17:00

Мұндай орталықтар елдің түкпір-түкпірінде ашылғаны белгілі. Орал КҚКО 15-інші болып ашылғанын да айта кету керек. Мұнда қызмет көрсетуді 4 бағыт бойынша алуға болады. Олар мемлекеттік қолдау құралдары, кәсіпкерлік ашу, әріптестік компаниялар – банктердің тегін кеңесі мен оқытуын алу, шағын несие ұйымдары мен даму институттары.

«Бұл кәсіпкерлерге арналған ХҚКО-ы. Салық бойынша кеңес беру қызметтері, бухгалтериялар, заңнамалық сұрақтар. Биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша құны 15 млрд теңгенің 100 жобасына қолдау көрсеттік», - дейді БҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Аслан Жакупов.

Жаңа орталық базасында форумдар, семинарлар, экономиканың түрлі салалары бойынша кәсіпкерлік ашу жөніндегі мәселелерге арналған жиындар өткізу жоспарлануда. Жастар кәсіпкерлігі мен бастауыш кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөлінуде. Мемлекеттік субсидия көмегімен кәсіпкерлер кәсіптерін кеңейтуге, өнеркәсіпті жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алады.

Айта кету керек,  биыл облыста кәсіпкерлікті қолдау бойынша мобильді орталық ашылды.




Яндекс.Метрика