EXPO-2017

Астанада «Болашақтың энергиясы» форумы ашылды

Конгресс-орталықта өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы «Болашақтың энергиясы» форумында болашақ ғимараттардың экологиялық таза шешімдері талқылануда.
Нұр-Сұлтан 24 Шілде, 11:16

Форум тақырыбы құрылыс пен қалалық сәулеттегі энергия тиімді шешімдерді талқылауға арналған. Қатысушылар энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздері саласындағы ең жаңа технологияларды, озық әдістер мен инновацияларды талқылауда. 

ЕО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы, елші Траян Христеа осы форумды аша отырып, Қазақстан басшылығына ауқымды іс-шараны ұйымдастырып отырғаны үшін алғыс білдірді.  

«Бұл болашақ энергетика картасына едәуір үлес қосып отыр. Бүгінгі оқиға ЭКСПО-2017 мен болашақ энергетика синтезіне арналады. Бұл болашақ үшін тұрақты шешімдердің ең сәтті мысалы. Ғылым мен даму 2015 жылғы желтоқсаннан бастап ЕО мен Қазақстан арасындағы энергетикалық және стратегиялық бағытты қолдай отыра, осы бағыттағы елеулі қадамдар үшін жол салды», - деп атап өтті елші.

ЕО Өкілдігі басшысының айтуынша, форум Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты көрсетеді.

«Бұл жай ғана декларациялар мен құжаттар емес, бүгінгі сыртқы оқиғалар көптеген басқа шараларға әкеледі. Бүгінгі күн болашақтың тамаша болжамдары мен нақты технологиялар арасында байланыс қалыптастырады», - деп түйіндеді Т. Христеа.     

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика