Өңірлер

Ақтөбе облысында металл кендерін өндіру өсті

2017 жылғы қаңтар-маусымда Ақтөбе облысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі артты, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Ақтөбе24 Шілде , 11:58

Өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,9% құрады.

«2017 жылғы қаңтар-маусымда 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда металл кендерін өндіру және  кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары өндірісі өсті», - делінген хабарламада.

 Қара металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру, тамақ өнімдерін өндіру өсті. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі 9 ауданда және Ақтөбеде  байқалды.

Шикі мұнай өндіру өнеркәсібі және темір кендерін өндіру өнеркәсібі төмендеді.




Яндекс.Метрика