«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол» аясында 3 мыңға жуық жүк вагонын шығару жоспарланып отыр

ҚР Премьер- Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Павлодар облысына сапары барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев теміржол кластері жобаларының тұсаукесер рәсіміне қатысты.
Павлодар24 Шілде , 11:33

ҚТЖ хабарлағандай,  теміржол өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету «ҚТЖ» ҰК» АҚ маңызды бағыттарының бірінен саналады.

«Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық өнім өндірушілермен 337 миллиард теңгенің теміржол өнімдерін (босалқы бөлшектер, жинақтау құралдары, материалдар) сатып алуға келісім жасады»,-деп хабарлады Компания басшысы.

Барлық сатып алынатын теміржол өнімдерінің 30 пайызы Павлодар облысының үлесіне кіреді. Соңғы үш жылда жергілікті өнімдерді сатып алу үлесі 68 пайызға жеткізілді.

Ағымдағы жылы мұны 70 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

«Тығыз қарым-қатынас орнатудың нәтижесінде Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындар теміржол кластерін жасақтады. Теміржол кластеріне жүзден астам теміржол саласы өнімдерін шығаратын 15 кәсіпорын жатады»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

2013 жылдан бері теміржол кластерін дамытуға 80 миллиард теңге бөлініп, 1500 ден астам жұмыс орны ашылды.

 «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдары «ЗИКСТО» АҚ мен «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС 3 мыңға жуық жүк вагондарын шығаруды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика