Өңірлер

Астанада 14 641 пәтер пайдалануға берілді

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 14641 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, деп хабарлады қалалық статистика департаменті.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 10:54

2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 68038,4 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейге қатысты алғанда 101,8%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19%-ды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 14641 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1510533 шаршы метрді құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейден 33,2%-ға жоғары. 

Жеке салушылармен жалпы ауданы 102443 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға  қатысты алғанда 102,7%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі  2016 жылғы қаңтар-маусымдағы  6,8%-ға қарағанда 8,8%-ды құрады.

Елордада 2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 150,5 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 77,4 мың теңгені құрады.

2017 жылғы қаңтар-маусымда облыс аумағында жалпы алаңы 255,9 мың шаршы метр тұрғын ғимараттар барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 110,9% құрады.

Едәуір тұрғын ғимараттар көлемі – 211 мың шаршы метр жеке меншік нысаны салушыларымен пайдалануға берілген.

2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үй құрылысына инвестициялардың 18669 млн. теңгесі бағытталды. Тұрғын үй құрылысы инвестицияларының негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 21,2% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың елеулі өскені 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Жақсы (6 есе), Егіндікөл (2,6 есе) аудандарында және Степногор қ.ә. (4,6 есе) белгіленді. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы көлемінің негізгі үлесі Көкшетау қ.ә. (90,3 мың шаршы метр немесе 35,3%) және Целиноград ауданына (106,1 мың шаршы метр немесе 41,5%) келеді.

2154 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2016 жылдың қаңтар-маусымына 87,8%құрады.




Яндекс.Метрика